Ұлт ұстазы ЮНЕСКО-да ұлықталады

4 Қазан 2022, 19:37
1446
Бөлісу:
Ұлт ұстазы ЮНЕСКО-да ұлықталады
PHOTO

2022 жылғы 4 қазанда ЮНЕСКО аясында Париж қаласында (Франция) Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойына арналған «Ахмет Байтұрсынұлы және ренессанстық өркениет» тақырыбында ғылыми конференция өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Конференцияға ЮНЕСКО Бас директорының орынбасары Син Цюй, ҚР Ғылым және жоғары білім вице-министрі Т.І. Ешенқұлов, ЮНЕСКО жанындағы Қазақстан Республикасының Тұрақты өкілі, Қазақстан Республикасының Француз Республикасындағы және Монако Князьдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі Г.М. Арыстанқұлова, отандық және Германия, Түркия, Әзербайжаннан алаштанушы, ахметтанушы ғалымдар қатысты.

Ұлт ұстазы ЮНЕСКО-да ұлықталады

Конференцияны ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Ешенқұлов Талғат Ілиясұлы жүргізіп отырды. Т. Ешенқұлов ЮНЕСКО-ның 41-ші Бас конференциясы барысында 2022-2023 жылдардағы мерейтойлық даталарға қосу туралы арнайы қарарға Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойының атап өтілуінің енгізілуі – қазақ елінің тарихындағы елеулі оқиғалардың бірі болып қалатынын атап өтті.

Салтанатты жиынға арналған ҚР Президенті Қ.К. Тоқаевтың құттықтау сөзін ЮНЕСКО жанындағы Қазақстан Республикасының Тұрақты өкілі, Қазақстан Республикасының Француз Республикасындағы және Монако Князьдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі Г.М. Арыстанқұлова оқыды. 

Ұлт ұстазы ЮНЕСКО-да ұлықталады

Мемлекет Басшысы құттықтау сөзінде   «Ахмет Байтұрсынұлының «Қазіргі мәдениет әлдебір ұлттың, я нәсілдің жасаған нәрсесі емес, бүкіл адамзаттың бірлесе жұмсаған күші мен дағдыларының нәтижесі» деген сөзі ЮНЕСКО-ның басты қағидаттарымен тығыз астасып жатыр» деп атап өтті.  

Ұлт ұстазы ЮНЕСКО-да ұлықталады

ЮНЕСКО Бас директорының орынбасары Син Цюй құттықтау сөз сөйледі.

А. Байтұрсынұлының қазақ тілінің алфавиті мен грамматикасын, тіл және ұлттық әдебиет теориясын жасауы қазақ ағартушылығының тәжі есебіндегі құбылыс ретінде мойындалған» десе,  Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі, белгілі алаштанушы Д. Қамзабекұлы «Алаш мемлекеттілігі және Ахмет Байтұрсынұлы тұлғасы» атты баяндамасында: «Ахмет – ең алдымен ағартушы. Ол – поэзияда да, көсемсөзде де, ғылым-iлiмде де ағартушы, -  деп   атап өтті өз баяндамасында Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі  М.Қ. Қойгелдиев,

Сонымен қатар аталған конференцияда Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі, Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының профессоры З.М. Базарбаева «Ахмет Байтұрсынұлы – ұлт ұстазының феномені», тарих ғылымдарының докторы З.Е. Қабылдинов  «А. Байтұрсынұлының қоғамдық-саяси қызметі және көзқарастары», филология ғылымдарының кандидаты Е. Е. Тілешов «Ахмет Байтұрсынұлы және Мұхтар Әуезовтің ғылыми танымы: сабақтастық пен ұқсастық», Германиядағы қазақ диаспорасы өкілі, саясаттану ғылымдарының докторы Әбділқаюм Кесіжі «Тіл деген – ұлт деген сөз: Ахмет Байтұрсынұлы қазақ ұлтын халықаралық картаға қалай орналастырды?», Анкара Хаджы Байрам Вели университетінің  профессоры Хулия Касапоғлы Ченгел «Ахмет Байтұрсынұлы: қазақ авторлары қайда және қалай пайда болды?», Әзербайжан тілдер университетінің доценті Эльчин Әли Ибрахимов «Ахмет Байтұрсынұлы және оның 1926 жылғы Баку Түркология конгресінде жасаған «Түркі тілдерінде ғылыми терминологияның қалыптасу принциптері туралы» баяндамасы (мұрағат материалдары бойынша)» тақырыптарында баяндама жасады.

Ұлт ұстазы ЮНЕСКО-да ұлықталады

Конференция аясында аясында Ахмет Байтұрсынұлының өмірі мен қызметіне арналған фотокөрме ұйымдастырылып, «Қазақ өркениеті және Ахмет Байтұрсынұлы» тақырыбында бейнеролик көрсетілді.
​Конференция «Ахмет Байтұрсынұлы. Таңдамалы шығармалары» (қазақ, ағылшын, орыс, түрік тілдерінде) кітабының тұсаукесерімен аяқталып, қорытындыланды.

Өзгелердің жаңалығы