АҚШ президенті Дональд Трамп НАТО-ның Иранға қарсы әскери операцияда Вашингтонды қолдамауын қателік деп санайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ шетелдік БАҚ-қа сілтеме жасап.
Бұл туралы ол Майамиде өткен инвестициялық форумда айтты.
Менің ойымша, НАТО-ның бұл операцияда мүлде қатыспауы – өте үлкен қателік болды, – деді ол.
Трамптың айтуынша, АҚШ одақтастарын қорғауға қомақты қаржы жұмсап келеді, алайда енді Вашингтон альянсқа көрсетілетін қолдау деңгейін қайта қарауы тиіс.
Біз әрдайым олардың жанында болдық, бірақ енді олардың әрекеттерін ескере отырып, бұлай жалғастырудың қажеті жоқ деп ойлаймын, – деп атап өтті АҚШ президенті.