Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Үлкен Алматы өзенінің бойындағы гранит тақталардың ұрлығы: іс қай кезеңде

Нұрқанат Атажан
16 Қазан 2025, 10:37
410
Бөлісу:
 видеодан алынған кадр
Фото: видеодан алынған кадр

Алматыда гранит тақталардың ұрлануына қатысты іс бойынша тергеу жалғасып жатыр, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Үлкен Алматы өзенінің жағалауы бойында жүргізіліп жатқан реконструкция аумағынан гранит тақталар алынып, бөгде автокөлік-манипулятормен заңсыз түрде құлпытас дайындайтын цехқа жеткізілген.
Аталған факті бойынша полиция қылмыстық іс қозғап, тексеріс жүргізуде.

Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы (“Ұрлық”) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Істі Бостандық аудандық полиция басқармасы тергеп жатыр. Күдікті анықталды, тиісті сараптамалар тағайындалды. Қылмыстық істің өзге мән-жайлары ҚР Қылмыстық-процессуалдық кодексінің 201-бабына сәйкес жария етілмейді, – деді полицияда.

Сонымен қатар департамент тергеу амалдары әлі де жалғасып жатқанын және істің сотқа жолданбағанын атап өтті.

Өзгелердің жаңалығы