Оқиға 2023 жылдың 16 мамырында кешке болған, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Елордалық "Сарыарқа" ауданында қоғамдық тәртіпті сақтау қызметін атқарған Ұлттық ұланның әскери қызметшілері сағат 19:10 шамасында ересектердің қарауынсыз қалған екі баланы байқайды.
Әскери жасақ бастығы қатардағы жауынгер Нұржан Қалдыбек патрульдік қатардағы жауынгерлер Дулат Әбілхан және Даниер Садықовпен бірлесіп, оқиғаны байланыс құралдары арқылы патрульдік топтың бастығы арқылы ЖБО-ға баяндайды.
Біз ата-анасыз жалғыз қалған балаларды байқаған соң, бірден оларға жақындап, ата-анасы туралы сұрастырдық. Белгілі болғандай, олар анасынан адасып қалып, тығырыққа тірелген. Әрі қарай біз байланыс арқылы аға бастықтарға баяндадық, содан кейін олардың ата-аналарын іздеуге кірістік, - дейді қатардағы жауынгер Қалдыбек.
Анасы балалардың тұрған жеріне келіп, әскери қызметшілерге және олардың командирлеріне жауапты қызмет атқарғандары үшін алғысын білдірді.