7 наурыз күні сағат 20.00 шамасында әскери бөлімге оралған ұландықтар Қарағанды-Қостанай тас жолында қарда тұрып қалған жедел жәрдем көлігін байқаған, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Болған оқиға туралы әскери қызметшілер басшылыққа баяндап, көмекке кіріскен.
Біздің әскери қызметшілер әскери бөлімге қайта оралып, көліктің қарда қалай тұрып қалғанын байқап, жедел жәрдем бригадасын шақыра бастады. Азаматтарға көмектесу - біздің міндетіміз, - деп атап өтті 6697 әскери бөлімі командирінің тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыс жөніндегі орынбасары подполковник Данияр Тоқтаров.
Сәтті көмек көрсеткеннен кейін жедел жәрдем көлігі қозғалысын жалғастырды, зардап шеккендер жоқ.