Ұландық оқушылар тілдік лагерьлерге барып жүр

20 Маусым 2024, 14:03
333
Бөлісу:
Ұландық оқушылар тілдік лагерьлерге барып жүр
Фото: BAQ.KZ -архив

Ұландық оқушылар жазғы каникулдарын қызықты әрі пайдалы өткізуде, деп хабарлайды BAQ.KZ Altainews.kz-ке сілтеме жасап.

10 маусымнан бастап Ұлан ауданындағы 29 мектепте тілдік лагерьлер жұмыс атқарып жатыр.

Көптілділікті дамытудың 2022-2024 жылдарға арналған кешенді жоспары аясында ұйымдастырылып отырған іс-шараның мақсаты – тілдік ортаға енгізу арқылы оқушыларға ауызекі қазақ, орыс және ағылшын тілдерін үйрету. 

Тілдік лагерьлерге барлығы 364 бала қатысуда. Оларда этномәдениет, өлкетану, экология бағытындағы бағдарламалар бойынша да түрлі шаралар өтіп жатыр.

Аудан бойынша 14 мектепте 164 бала қазақ тілінде, ал 16 мектепте 200 бала орыс тілінде жүргізілетін тілдік лагерьге қатысуда. Жүргізілген сабақ мазмұнына сәйкес 17 мектептің оқушылары өңірдің тарихи-өлкетану орындарына саяхаттап, ерекше әсер алып қайтты, – дейді аудандық білім бөлімінің маманы Ә. Әбішева.

Өзгелердің жаңалығы