Ұландықтар қызметтік иттің көмегімен тәртіпсіздік жасаған азаматты ұстады

5 Ақпан 2021, 21:06
1147
Бөлісу:
Ұландықтар қызметтік иттің көмегімен тәртіпсіздік жасаған азаматты ұстады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Көкшетау қаласында кешкі уақытта  патрульдік қызмет атқарып жүрген Ұлттық ұлан жауынгерлеріне жедел басқару орталығынан екі белгісіз азаматтың ер адамды үйіне кіреберісінде  ұрып, іздерін жасырғаны туралы ақпарат келген, деп хабарлады  ҚР Ұлттық ұланының баспасөз қызметі.

Шұғыл түрде қаскөйлердің түр-сипаттары барлық жасақтарға таратылып, әскерилер іздеуге кіріседі. Көп ұзамай, әскери жасақ бастығы аға  сержант Қуанышбек Қайыров бастаған патрульшілер іздеу барысында сипаттамаға ұқсас күдіктілерді байқайды. Жауынгерлер жақындай келгенде екі күдікті ескертулерді елемей, қаша жөнелген. 

Қаскөйлерді құрықтау үшін ұландықтар кинолог маманның көмегіне жүгініп, «Бумер» атты қызметтік итті қолдану арқылы қашқындарды тоқтатады. Ұсталған күдіктілер мән-жайды анықтау мақсатында жедел-тергеу тобының қызметкерлеріне тапсырылған.

Өзгелердің жаңалығы