Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бір күнде елордалық ұландықтар жоғалған баланы ата-аналарына, сондай-ақ екі ұялы телефонды иелеріне қайтарды.
Бұл туралы Ұлттық ұланының баспасөз қызметі хабарлады.
8 мамыр күні сағат 21.30 шамасында Ұлттық үлан 5573 әскери бөлімінің әскери қызметшілері Бұқар Жырау көшесінде ересектердің қарауынсыз баланы кездейсоқ тауып алды. Сөйтсе ол үйінен адасып қалыпты және ата-анасы оны таба алмай, іздеп жүргені белгілі болады.
Жауынгерлер болңан оқиғаны әскери жасақтар бойынша кезекші аға лейтенант Абылайхан Тоқтанды хабардарлайды. Ол өз кезегінде, әскери байланыс құралдары арқылы жақын маңдағы әскери жасақтарға ақапаратты жеткәзәп, шұғыл іс-әрекеттерге кірісуге бұйрық береді.
Дәл сол кезде баланың анасы әскери жасақтың бәрәнен көмек сұрап, қасында тұрған екен.
Тәртіп сақшылары баласын анасына қайтарып берді, ол ұлын қайтарғаны үшін алғысын білдірді.
Мереке күндері азаматтар белсеңді демалыспен айналысады. Сая бақтар мен табиғатқа шығады, таза ауада көп уақыт өткізуге тырысады. Сол сәтте балаларын немесе құнды заттарын жоғалтып алуы мүмкін. Біздің әскери қызметшілер халыққа көмектесіп, мүмкіндігінше демалыстың қауіпсіз әрі азаматтарға жайлы өтуіне атсалысады. Біздің міндет халыққа қызмет болып табылады,-дейді аға лейтенант А. Тоқтанды.
Сондай-ақ, осы күні "Жерұйық" саябағы мен Жүргенов көшесін патрульдеп, 5573 әскери бөлімінің әскери қызметшілері екі "SAMSUNG A51" және "Iphone XR"смартфондарын тапты. Біраз уақыттан кейін телефон иелері анықталып, телефондары қайтарылады. Мереке күні қызметте жүрген Ұлттық ұлан «әскери қызметшілері кез келген уақытта халыққа көмек қолын созуға дайын.