Ұлан ауданында 150 орындық жаңа емхана салынбақ – ШҚО

11 Мамыр 2023, 05:07
905
Бөлісу:
Ұлан ауданында 150 орындық жаңа емхана салынбақ – ШҚО
Фото: azattyq-ruhy.kz

Биыл Ұлан ауданына қарасты Қасым Қайсенов кентінде үш қабатты жаңа емхана салу жоспарланып отыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Денсаулық сақтау басқармасының басшысы медицина қызметкерлерінің назарын аурулардың алдын алу, балалар мен жүкті әйелдерді патронаждау, ауыл тұрғындарын уақтылы скринингпен қамту бөлігінде жұмысты күшейту қажеттігіне аударды, - дейді ШҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Сағыр ауылының дәрігерлік амбулаториясына да 2020 жылы «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілгенін айта кету керек. Бүгінгі таңда халықты сапалы медициналық диагностикамен қамтамасыз ету үшін барлық қажетті жабдықтармен жабдықталған.

Сондай-ақ Қасым Қайсенов кентінде де биыл консультативтік-диагностикалық және профилактикалық бөлімшелері, сондай-ақ күндізгі стационар палаталары бар үш қабатты жаңа емхана салу жоспарланған. Қазір ШҚО құрылыс басқармасы мердігер ұйымды анықтау бойынша конкурстық рәсімдерді жүргізуде, – деп атап өтті ШҚО денсаулық сақтау басқармасының басшысы.

Өзгелердің жаңалығы