Украиналық босқындар саны 5,7 миллионнан асты

7 Мамыр 2022, 00:21
1390
Бөлісу:
Украиналық босқындар саны 5,7 миллионнан асты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Біріккен Ұлттар Ұйымының Босқындар ісі жөніндегі Жоғарғы Комиссарының басқармасының (UNHCR) мәліметінше, 24 ақпан мен 5 мамыр аралығында 5 707 967 босқын Украинаның көрші елдермен шекарасын кесіп өткен.

24 ақпаннан бері елден кеткен Украина азаматтарының жартысынан көбі Польшаға орналасқан.

Бүгінде Польшаға – 3 119 196, Румынияға – 854 292, Ресейге – 714 713, Венгрияға – 545 311, Молдоваға – 450 797, Словакияға – 388 282, Беларуське 25 852 украиналық кеткен.

Сондай-ақ БҰҰ БЖКБ 2022 жылдың 18-23 ақпаны аралығында Украинаның Донецк және Луганск облыстарынан Ресейге 105 000 адамның кеткенін хабарлады.

Өзгелердің жаңалығы