Украинадан елге оралған жерлесіміз: 24 сағат Елшілік қызметкерлермен байланыста болдық

1 Наурыз 2022, 22:43
1477
Бөлісу:
Украинадан елге оралған жерлесіміз: 24 сағат Елшілік қызметкерлермен байланыста болдық
PHOTO
Фото: автордан

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Украинада жүрген қазақстандықтартың екінші легі елордаға ұшып келді.

Соның бірі 22 жастағы Әсем Қалқаман. Ол анасымен бірге Украинаға емделуге барған.

Украинадан елге оралған жерлесіміз: 24 сағат Елшілік қызметкерлермен байланыста болдық

Шынымен қорқынышты болды. Ол жерде болған кезде қасымыздағы әскери база жарылған болатын. Ол үрейімізді тіптен арттыра түсті. Қазақстан өз азаматтарын Украинадан эвакуациялап жатқанын білгенде, мен елшіге хабарласып үлгердім. Біз бұл тығырықтан шығудың барлық амалын қарастырдық. Олар қазір Киевте тым қауіпті болғандықтан, қазақстандықтарды эвакуациялаудың жоспарлары қарастырылып жатқанын айтты. Елшіліктің екеуі де Львов қаласыда болды. Алайда оған бару үшін 600-700 шақырым алыс еді. Көлік жоқ, әуе кеңістігі жабық, пойыздар қозғалысы тоқтап қалған, - деп еске алды ол.

Украинадан елге оралған жерлесіміз: 24 сағат Елшілік қызметкерлермен байланыста болдық

Сондай-ақ Әсем Қалқаман елшіліктің Украина жеріне жерлестерімізді қалдырып кетті дейтін ақпараттың жалған екенін айтты.

Қазіргі таңда Киев пен Польшадағы елшілік қызметкерлері белсенді жұмыс түрде жұмыстарын атқарып жатыр. Олар ешкімді тастамайды. Көріп отырғандарыңыздай, халықтың көбін дер кезінде эваукуциалай білді. Менің ойымша, ол жағынан проблема жоқ, - деді ол.

Украина жеріне жұмыс бабымен барған жерлестеріміз көп соның бірі – Аслан Хастаев. Елге аман-сау жеткен жерлесіміз өз әсерімен бөлісті.

Украинадан елге оралған жерлесіміз: 24 сағат Елшілік қызметкерлермен байланыста болдық

Украинаға жұмыс бабымен бардым. Өзім  Шу қаласында тұрамын. Украиндар – өте жанашыр халық, бізге қиын сәтте қолдау көрсетті. Бізді аман-сау елге әкелген Үкіметке алғысымды айтамын. Украина шекарасында 30 автобус адам, екі күн бойы шекара кезегінде тұрдық. Мен Днепропетровск қаласында болдым, ол жерден Львовқа жеттім. Одан әрі бізді елшілік өкілдері автобуспен алып кетті, - дейді Аслан Хастаев.

Еске сала кетейік, Украинадан эвукуциаланған қазақстандықтардың екінші легі Нұр-Сұлтанға келді. Бортта 120 ересек және 4 бала бар.

Сонымен қатар еліміздің сыртқы істер министрлігі қазақстандық азаматтарды Украинадан отанына қайтару жұмысын жалғастырып жатыр.

Өзгелердің жаңалығы