Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Украинадағы қазақстандықтарға арнайы рейс жоспарланды, деп хабарлайды СІМ баспасөз қызметі.
Құрметті Қазақстан Республикасының азаматтары, 2022 жылдың 25-26 ақпанында Air Astana әуе компаниясы Қазақстанның азаматтары үшін репатриация рейсін жүзеге асыру жоспарланып отыр, – делінген СІМ хабарында.
Аталған рейс Катовице қаласынан (Польша) жүзеге асырылады. Қазақстан азаматтары үшін Украина-Польша шекарасынан әуежайға дейін визасыз «жасыл дәліз» қамтамасыз етіледі.
Азаматтардан мүмкіндігінше ертең Львов қаласына келулерін сұраймыз, қабылдау пункті – Замкнена көшесі, 3/1 мекенжайы бойынша Қазақстан Республикасының Құрметті консулдығы болып табылады, тел. +38 (032) 240-36-70, +38 (067) 989-28-19. Қосымша ақпарат алу үшін «Air Astana» өкілдеріне келесі телефондар арқылы хабарласыңыз: +38 (050) 051-11-17, +38 (050) 981-54-49, – делінген хабарламада.
Бұған дейін Украинада орын алған оқиғаларға байланысты Қазақстан Республикасының Киевтегі Елшілігі ел азаматтарын эвакуациялауды қамтамасыз ететінін мәлімдеген.