Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 15 наурызда Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша сағат 08:50-де Катовице қаласынан (Польша) Қазақстанға бесінші репатриациялық рейс ұшып шықты, деп хабарлайды СІМ баспасөз қызметі.
Ұшақ Алматы қаласына келеді деп күтілуде. Бортта Украинадан эвакуацияланған 89 жолаушы бар, – деп жазылған хабарламада.
Айта кетсек, бір күн бұрын бұл ұшақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің атынан Украинаға гуманитарлық көмектің бірінші партиясын Катовице қаласына жеткізген болатын. Одан әрі жүк Украина аумағына автокөлікпен жеткізіледі.