Украинада «Дельта» штамы анықталған алғашқы жағдай тіркелді

23 Маусым 2021, 23:13
3496
Бөлісу:
Украинада «Дельта» штамы анықталған алғашқы жағдай тіркелді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Украинада коронавирустың «Дельта» штамын жұқтырудың алғашқы жағдайлары тіркелді, деп мәлімдеді елдің Ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс кеңесінің (ҰҚК) хатшысы Алексий Данилов. Ол бұл туралы 23 маусымда TSN-ге берген сұхбатында айтты.

Оның айтуынша, бұл штамның алғашқы жағдайлары жақында Ресейден Украинаға оралған 66 жастағы әйел мен 16 жастағы жасөспірім. Қазіргі уақытта олар Киевтегі Александр ауруханасына жатқызылды, науқастардың жағдайы тұрақты. 

Ол сонымен қатар қазіргі уақытта Украинада осы COVID штамын өздігінен анықтауға техникалық мүмкіндік жоқ деген ақпаратқа түсініктеме берді.

Бізде жаңа штамды анықтай алатын төрт зертхана бар – екі жекеменшік және екі мемлекеттік, бірақ дәл осы үнді штаммын анықтайтын сынақтар жоқ. Біз бұл жөнінде ДДДҰ-ға жүгіндік, – деді Данилов.


Өзгелердің жаңалығы