Украинада аза тұту күні жарияланды

6 Сәуір 2025, 10:30
967
Бөлісу:
Украинада аза тұту күні жарияланды
Фото: UAinfo

Украинада 6 сәуір күні Ресейдің 4 сәуірде Кривой Рог қаласына жасаған зымырандық шабуылының құрбандарын еске алу үшін аза тұту күні жарияланды.

Бұл туралы вице-премьер Алексей Кулеба өзінің Telegram-арнасында жазды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Украинаның барлық қалалары мен ауылдары 6 сәуірде Кривой Рогтағы шабуылдың құрбандарын еске алу үшін аза тұту күнін жариялайды. Украинаның барлық облыс орталықтары, үлкенді-кішілі қауымдастықтар Кривой Рогпен бірге. Зардап шеккендер мен олардың отбасыларына қолдау көрсету белгісі ретінде аза тұту күні жарияланады. Киевтен Одессаға дейін, Краматорскіден Ужгородқа дейін – қалаларда тулар төмен түсіріліп, үнсіздік орнайды, – деп жазды ол.

Соңғы мәліметтер бойынша, Ресейдің Украина президенті Владимир Зеленскийдің туған қаласы Кривой Рогтағы тұрғын үй кварталына жасаған зымырандық шабуылы нәтижесінде кемінде 19 адам қаза тауып, олардың 9-ы балалар, 74 адам жарақат алды. Дүйсенбіден сәрсенбіге дейін – 7, 8 және 9 сәуірде – Кривой Рогта қаза тапқандарды еске алу күндері жарияланды.

Өзгелердің жаңалығы