Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Украина шектеулерді жеңілдеткеннен кейін жастар елден жаппай кетіп жатыр – The Telegrapһ

30 Қазан 2025, 07:12
320
Бөлісу:
 pixabay
Фото: pixabay

Шығу ережелері жеңілдетілгеннен кейін небәрі екі ай ішінде 100 мыңға жуық жас украин елден кетіп қалған. Бұл туралы The Daily Telegraph Польша шекара қызметінің деректеріне сүйене отырып жария етті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

28 тамыздан бастап Украина билігі 18–22 жас аралығындағы азаматтарға елден шығуға рұқсат берген. Сол уақыттан бері 98,5 мың адам шекарадан өтіп үлгерген. Ал қаңтар–тамыз айларында бұл көрсеткіш небәрі 45,3 мың болған.

Көшіп келушілер саны күрт артты: егер тамызға дейін Германияға аптасына 19 адам келсе, қыркүйектің ортасында бұл көрсеткіш мыңға жетті, ал қазан айында апта сайын 1,4-1,8 мың адам келіп отыр, - деп жазады басылым.

The Telegraph дерегінше, кетіп жатқандардың басым бөлігі Германияны таңдаған. Елге келген жас украиндар саны шамамен 70 мыңға жеткен, бұл Ұлыбритания армиясының жалпы санына тең көрсеткіш.

Германиядағы украиналық босқындарға ай сайын кемінде 530 миллион еуро көлемінде әлеуметтік көмек төленіп отыр. Осыған байланысты ел ішінде босқындарға арналған төлем жүйесіне қатысты сын күшейіп келеді.

Бұған дейін Австрия астанасы Вена украин босқындарын қабылдайтын соңғы орталықтың – Quartier Schlossberg-тің 2025 жылдың соңына дейін жабылатынын хабарлаған. 200 адамға арналған бұл орталық ашылғаннан бері 8,9 мың адамға көмек көрсеткен.

Өзгелердің жаңалығы