Украина Ресейге уақытша басқару енгізуді ұсынды

29 Наурыз 2025, 15:13
2545
Бөлісу:
Украина Ресейге уақытша басқару енгізуді ұсынды

Украина президенті Владимир Зеленский мен Украина Сыртқы істер министрлігі Ресей президенті Владимир Путиннің елге БҰҰ қамқорлығымен “уақытша басқару” режимін енгізу туралы ұсынысына жауап берді. Бұл туралы BAQ.KZ УНИАН агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

27 наурыз күні Путин Украинаның азаматтық билігі “заңсыз”, өйткені “Зеленский легитимді емес” деп мәлімдеп, сондықтан елде жаңа билік орнату үшін уақытша сыртқы басқару қажет екенін айтты. Оның ойынша, тек осыдан кейін ғана “бейбіт келіссөздер бастауға болады”.

Зеленский бұл мәлімдемені негізсіз деп атап, Украинаның Конституциясына сәйкес биліктің заңдылығы мен өзінің президент ретіндегі легитимдігін атап өтті.

Бізде халық Конституцияға сәйкес сайлайды. Бұл ұстанымды Еуропалық одақ та қолдайды. Бүкіл әлем Украинаның заңды президенті бар екенін мойындайды, – деді Зеленский.

Сондай-ақ ол Путиннің ұсынысын соғысты аяқтауға ниеті жоқтығының кезекті дәлелі деп атады.

Ол әркез түрлі сылтау табады, өйткені Украинамен келіссөз жүргізуге қорқады. Менімен жеке келіссөздерден де қорқады. Ол Украинаны тәуелсіз мемлекет ретінде мойындағысы келмейді, себебі келіссөздер жүргізу үшін нақты аргументтері жоқ, – деді ол.

Зеленскийдің пікірінше, бұл бастамалар — соғысты ұзарту, ал бейбітшілікке жетуге кедергі келтіру әрекеттері. Ол сондай-ақ АҚШ-ты Путинге қарсы қатаң санкциялық және дипломатиялық қысым көрсетуге шақырды.

Украина Сыртқы істер министрлігінің өкілі Георгий Тихий әлеуметтік желідегі жазбасында Ресейдің өзінде уақытша басқару енгізу туралы қарсы ұсыныс білдірді — Воркута қаласынан бастауды ұсынды. Ол қаладағы бос, тозған көшенің суретін жариялап.

Бұл жердің тұрғындары Путиннің орнына кез келген басқа басқарудан көбірек пайда көрер еді. Ол миллиардтаған долларды Украинаға қарсы соғысқа жұмсап жатыр, – деп жазды.

Путиннің бастамасын АҚШ, Еуропалық одақ және БҰҰ бір ауыздан қабылдамай тастады, әрі Украина үкіметінің заңдылығын мойындайтындарын, сондай-ақ сыртқы араласудың жол берілмейтінін атап өтті.

Өзгелердің жаңалығы