Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Еуропалық одақ Украина мен Молдоваға ортақ қауымдастыққа кіруге мүше мемлекет мәртебесін берді, деп хабарлайды «Хабар 24».
Бұл туралы одақ саммитінің қорытындысы бойынша Еурокомиссия басшысы Урсула Фон дер Ляйен мәлімдеді.
Сарапшылар Украинаға Еуропалық Одаққа мүше болу үшін 10 жыл кетеді деп пайымдап отыр. Басқосуға жиналғандар Молдованың да өтінішін қолдады. Ал Грузия мұндай мәртебені бірқатар талапты орындағаннан кейін ала алады деген ұйғарымға келді.
Бүгін – Еуропа үшін маңызды күн. Бұл мемлкеттер ұйымға мүше болу кезеңіне аяқ баспас бұрын бірқатар міндеттерді орындауы тиіс. Аталған елдер жылдам қимылдап, қажетті реформаларды тез жүзеге асырады деп сенемін. Бұл өзгерістер осы елдердегі демократияны нығайтып, халқының әл-ауқатын жақсартуға бағытталған, – деді Еурокомиссия президенті Урсула Фон дер Ляйен.