Украина мен АҚШ келіссөздердің соңғы кезеңіне өтті

Бөлісу:
Украина мен АҚШ келіссөздердің соңғы кезеңіне өтті
Фото: Kevin Lamarque/REUTERS

Украина мен АҚШ табиғи ресурстарды өндіру туралы келісім бойынша келіссөздердің соңғы кезеңінде тұр. Бұл туралы Украинаның вице-премьері Ольга Стефанишина мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Вице-премьердің айтуынша, украиналық және америкалық топтар келісімді талқылаудың соңғы сатысына жетіп, негізгі мәселелердің барлығы дерлік келісілген.

Келіссөздер өте конструктивті өтті. Біз АҚШ пен Украина көшбасшыларының Вашингтонда келісімге қол қойып, оны мүмкіндігінше тезірек бекітетініне үміттенеміз, - деді Стефанишина.

АҚШ пен Украинаның табиғи ресурстар туралы келісімі

Бұған дейін АҚШ президенті Дональд Трамп Украинаға көрсетілген және көрсетілетін көмекті өтеу үшін елдің ресурстарын пайдалануды ұсынған болатын. Алайда, Украина президенті Владимир Зеленский бұл келісімге қол қоюдан бас тартты.

2025 жылдың 21 ақпанында АҚШ Украинаға табиғи ресурстарға қатысты келісімнің жаңа нұсқасын ұсынды. БАҚ мәліметтері бойынша, құжатқа сәйкес:

Украина табиғи ресурстардан (минералдар, газ, мұнай) және порттар мен басқа да инфрақұрылымнан түсетін табыстың 50%-ынан бас тартуы тиіс.

Бұл табыстар толығымен АҚШ-қа тиесілі қорға аударылады.

Украина осы қорға жарна жасап отырады, қордың көлемі 500 миллиард долларға жеткенше төлемдер жалғасады.

Украина мен АҚШ арасындағы келісімнің маңызы

Бұл келісім Украина үшін маңызды экономикалық және саяси шешімдердің біріне айналуы мүмкін. Сарапшылардың пікірінше, келісімнің шарттары елдің экономикалық дербестігіне әсер етуі ықтимал. Тараптар арасындағы келіссөздердің нәтижесі жақын арада белгілі болады.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, АҚШ президенті Дональд Трамп Украинадан млрд доллар көмекті қайтаруды талап етті.

Өзгелердің жаңалығы