Украина мен АҚШ делегациялары кездесті

24 Наурыз 2025, 09:18
991
Бөлісу:
Украина мен АҚШ делегациялары кездесті
Фото: currenttime.tv

Келіссөздерге қатысушылар олардың мазмұны туралы түсініктеме берген жоқ, алайда Украина қорғаныс министрі Рүстем Умеров кездесу өнімді өткенін мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Украина президенті Владимир Зеленскийдің басты міндеті – мемлекетіміз бен халқымыз үшін лайықты және ұзақ мерзімді бейбітшілікке қол жеткізу, яғни бүкіл Еуропа үшін. Біз мұны шындыққа айналдыру үшін жұмыс істеп жатырмыз, – деп жазды ол Facebook парақшасында.

Умеров жаңа кездесулер дүйсенбі күні жоспарланған-жоспарланбағанын нақтылаған жоқ.

24 наурызда Эр-Риядта Ресей мен АҚШ делегацияларының келіссөздері де өтуі тиіс. Ресей делегациясының Эр-Риядқа келгенін ТАСС агенттігіне ресейлік делегация жетекшісі, сенатор Григорий Карасин хабарлады.

Бастапқыда келіссөздер ішінара бітім жасау мақсатында “маятниктік дипломатия” форматында өтеді деп жоспарланған болатын – АҚШ делегациялар арасында делдалдық рөлін атқаруы тиіс еді. Алайда қазір келіссөздердің кезекпен жүргізілетіні анық болды, деп хабарлады AFP агенттігі.

Өзгелердің жаңалығы