Украина ғарыштық әскер құруға кірісті

30 Наурыз 2025, 11:34
2019
Бөлісу:
Украина ғарыштық әскер құруға кірісті
Фото: depositphotos.com/palinchak

Украина Қорғаныс министрлігі ғарыш саласын дамыту үшін арнайы ғарыш саясаты басқармасын құрды. Бұл туралы BAQ.KZ UNIAN агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Украина қорғаныс министрінің орынбасары Екатерина Черногоренко Space for Ukraine форумында сөйлеген сөзінде, бұл жаңа бөлім ғарыш бағытындағы бастамалармен, соның ішінде ғарыштық әскер құрумен айналысатынын айтты.

Оның айтуынша, негізгі басымдықтар қатарында қорғаныстық мақсаттағы жерсеріктер жасау, ерте ескерту жүйелері, және ғарышты бақылау инфрақұрылымын дамыту бар.

Министрлік болашақта украиналық ғарыш технологияларының басты тапсырыс берушісі болуды жоспарлап отыр.

Спутниктік байланыссыз әскерді басқару мүмкін емес, ал спутниктік барлаусыз – жау қозғалысын бақылап, тиімді қорғану да қиын, – деді Черногоренко.

Сондай-ақ, ол Ресей агрессиясы Украинаға бұл бағытты жедел дамыту қажеттігін көрсетіп отырғанын, әсіресе зымыран соққыларынан халықты қорғау үшін мұндай технологиялар маңызды екенін атап өтті.

Өзгелердің жаңалығы