"Украина ешқашан соғыс іздеген жоқ": Зеленский үндеу жасады

25 Наурыз 2025, 13:10
1824
Бөлісу:
"Украина ешқашан соғыс іздеген жоқ": Зеленский үндеу жасады
Фото: depositphotos.com

Ресейлік әскери күштер Украина солтүстік-шығысындағы Сумы қаласының орталығына зымыран соққысын жасады. Соққы салдарынан бірнеше көпқабатты тұрғын үй мен мектеп зақымданды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Украина президенті Владимир Зеленский Telegram арнасында жариялаған мәлімдемесінде шабуыл салдарынан 90-ға жуық адамның зардап шеккенін айтты. Сума қаласында мектеп пен тұрғын үйлердің маңында болған жарылыстан кейін құтқару операциясы жалғасып жатыр.

Олардың арасында 17 бала бар. Президенттің айтуынша, жарылыстың эпицентрі мектеп болған, алайда балалар сол сәтте ғимарат ішіндегі баспанада болғандықтан, аман қалған.

Қазір Сумада және өзге де елдімекендерде құтқару операциясы жүріп жатыр. Барлық қызмет жұмылдырылды: Украина ТЖМ, Ұлттық полиция, медициналық және коммуналдық қызметтер. Мен адамдарға көмектесіп жатқан, украиналықтардың өмірін құтқарып жатқан барша азаматтарға алғыс білдіремін, – деді Зеленский.

Ол өз сөзінде Ресейдің соғысты Украинаға күштеп таңғанын атап өтті.

Әрбір күн, әрбір түн – бұл жоғалтулар, бұл қайғы мен қасірет. Украина ешқашан соғыс іздеген жоқ. Бұл соғысты Ресей алып келді. Сондықтан біз оны Ресейге кері итеруіміз керек. Ресейді бейбітшілікке мәжбүрлеу керек, – деп жазды ол.

Зеленский халықаралық серіктестерге қолдау көрсеткені үшін алғыс білдіріп, Украина қауіпсіздігін сақтау жолында атсалысқан барша азаматтарды атап өтті.

Сумы облысының басшысы Владимир Артюхтың айтуынша, құтқару қызметтері оқиға салдарын жою жұмыстарын жүргізіп жатыр, өрт сөндіру жалғасуда. Жергілікті журналистердің хабарлауынша, зымыран соққысы кезінде Сумыда әуе дабылы болмаған. Тұрғын үйлер мен мектеп ғимараттарының терезелері сынған, шатырлары мен қабырғалары зақымданған.

Өзгелердің жаңалығы