"Украина ЕО-ға кірмесін". Венгрия үкіметі Еуроодаққа 12 талап қойды

Бүгiн, 10:20
867
Бөлісу:
"Украина ЕО-ға кірмесін". Венгрия үкіметі Еуроодаққа 12 талап қойды
Фото: euronews.com

Венгрия премьер-министрі Виктор Орбан Еуроодаққа 12 талап қойып, Украинаға мүше болуға жол бермеуді және ұлттық егемендікті күшейтуді талап етті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ол ЕО-дан “ұлттардың Еуропасын” құруды, барлық елдердің тең құқықты болуын және әрбір мемлекеттің одақ ішіндегі шешімдерге “вето құқығы” болуын сұрады. Сондай-ақ, заңсыз мигранттарды елден шығаруды, “батыстық миллиардер Джордж Соростың ықпалын” жоюды және “Еуропаның христиандық құндылықтарын қорғауды” ұсынды.

Орбан Украина мәселесіне де тоқталды.

Еуропада бейбітшілік орнауы керек, бірақ Украина ЕО-ға кірмеуі тиіс”, – деді.

Оның пікірінше, Брюссель Украинаға көмектескісі келмейді, оны “отарлағысы” келеді және бұл үшін соғысты жалғастыруды көздейді.

Сондай-ақ, Орбан “Украинаның ЕО-ға кіруі Венгрия экономикасына үлкен зиян тигізеді” деп мәлімдеп, бұл шешімге қарсы екенін айтты.

Өзгелердің жаңалығы