Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҰҚК Шекара академиясының жас офицерлерінің кезекті шығарылымы өтті. Дипломдарды салтанатты түрде табыстау санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды сақтай отырып жүргізілді деп хабарлайды ҰҚК баспасөз қызметі.
Биыл оқу орнын шамамен 250 офицер, оның 21-і үздікке бітірді.
Түлектер алдында ҰҚК төрағасының орынбасары – Шекара қызметінің директоры, генерал-лейтенант Д. Ділманов сөз сөйлеп, лейтенанттарға алдағы қызметте табыс тіледі.
Дәстүрге сәйкес іс-шара соңында академияның жауынгерлік туымен қоштасу рәсімі өткізілді.
Оқи отырыңыз: