Үкіметтік комиссия алдына апат себептерін объективті тексеру міндеті тұр – Смайылов

3 Қараша 2022, 11:14
930
Бөлісу:
Үкіметтік комиссия алдына апат себептерін объективті тексеру міндеті тұр – Смайылов

Премьер-министр Әлихан Смайылов шахтада қаза болғандардың туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

3 қарашада «АрселорМиттал Теміртау» АҚ КД «Ленин атындағы» шахтасында апат болды. Соңғы мәліметтерге сәйкес бес кенші қайтыс болды. Осыған байланысты менің өкіміммен Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин жетекшілік ететін Үкіметтік комиссия құрылды. Оның құрамына уәкілетті министрліктердің, жергілікті атқарушы органдардың және кәсіподақ ұйымдарының өкілдері кірді, - деп жазды ол әлеуметтік желідегі парақшасында.

Ол   Үкіметтік комиссия алдына апат себептерін объективті тексеру, шұғыл мәселелерді шешу міндеттері қойылғандығын айтап өтті.

Биыл жазда «АрселорМиттал Теміртау» АҚ-ға барған кезімде мен компания басшылығына кеншілер үшін қауіпсіз еңбек жағдайларын жасау, өндірісті жаңғыртуға инвестициялар бөлу жөнінде кешенді шаралар қабылдау қажет екенін айтқан болатынмын. Үкіметтік комиссия алдына апат себептерін объективті тексеру, шұғыл мәселелерді шешу, сондай-ақ қаза тапқандар мен зардап шеккендердің отбасыларына жан-жақты көмек көрсету бойынша міндеттер қойылды. Қаза болғандардың туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтамын, - деді Әлихан Смайылов.

Өзгелердің жаңалығы