Үкіметте «Зерде» холдингін жабу жөнінде қаулы қабылданды

8 Тамыз 2022, 20:30
989
Бөлісу:
Үкіметте «Зерде» холдингін жабу жөнінде қаулы қабылданды

Қазақстан Үкіметі «Зерде» холдингі» акционерлік қоғамын жабу туралы қаулы шығарды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

ҚР Үкіметі 2022 жылдың 5 тамызында «Зерде» ұлттық ақпараттық-коммуникациялық холдингі» акционерлік қоғамын жабуды көздейтін қаулыны қабылдады. Аталған құжат Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілер эталондық бақылау банкінде жарияланады, - деп хабарлады Үкіметтің баспасөз қызметінен.

Айта кетейік, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин холдингті жабу туралы ұсынысын айтқан болатын.

Өзгелердің жаңалығы