Үкіметте полиэтилен өндіретін зауыт салу жобасы талқыланды

2 Маусым 2023, 15:57
556
Бөлісу:
Үкіметте полиэтилен өндіретін зауыт салу жобасы талқыланды
PHOTO
Фото: Үкімет

Үкіметте ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен кеңесте газ-химия өнеркәсібін дамыту мәселелері қаралды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Үкіметте полиэтилен өндіретін зауыт салу жобасы талқыланды

Атап айтқанда, полиэтилен өндірісі бойынша интеграцияланған газ-химия кешенін салу жобасы талқыланды. Бұл мәселе бойынша соңғы инвестициялық шешім 2024 жылы қабылдануға тиіс. «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Мағзұм Мырзағалиевтың айтуынша, жобаны табысты іске асыру үшін «Ұлттық индустриялық мұнай-химия технопаркі» АЭА жұмыс істеу мерзімін ұзарту және жетіспей тұрған сыртқы инфрақұрылымды салу керек.

Үкіметте полиэтилен өндіретін зауыт салу жобасы талқыланды

Талқылау қорытындысы бойынша Премьер-Министр уәкілетті органдарға көтерілген мәселелерді шешу жолдарын пысықтауды тапсырды. Сонымен қатар Үкімет басшысы ҚР заңнамасы аясында шетелдік лицензияланған технологияларды пайдаланатын ірі мұнай-газ химия нысандарын жобалау және салу кезінде халықаралық стандарттарды қолдану мүмкіндігін қарастыру қажеттігі туралы айтты.

Үкіметте полиэтилен өндіретін зауыт салу жобасы талқыланды
Өзгелердің жаңалығы