Премьер-министр Әлихан Смайылов Экономиканы жаңғырту мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссияның кезекті отырысын өткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Жиынға қатысушылар Жекешелендірудің 2021-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарына жаңа активтер енгізу, сондай-ақ одан бірқатар коммуналдық меншік ұйымдарын алып тастау мәселелерін талқылады.
Сонымен қатар өңдеу өнеркәсібіндегі және автомобиль өнеркәсібін қолдау бағдарламасы шеңберіндегі кәсіпкерлік жобаларды қаржыландыру, сондай-ақ Алматы қаласында жаңа онкологиялық орталық салу мәселелері қаралды.