Үкіметте кейбір активтерді мемлекет меншігіне беру мәселелері қаралды

1 Қараша 2022, 08:27
723
Бөлісу:
Үкіметте кейбір активтерді мемлекет меншігіне беру мәселелері қаралды

Премьер-министр Әлихан Смайылов Экономиканы демополизациялау жөніндегі комиссияның кезекті отырысын өткізді, онда кейбір активтерді мемлекет меншігіне беру және мұнай-газ саласындағы шараларды іске асыру мәселелері қаралды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Атап айтқанда, ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің деректері бойынша, Алматы облысындағы коммерциялық көлік-логистикалық компаниялардың бірі айрықша жағдайын пайдаланып, 2021 жылғы сәуір мен желтоқсан аралығында шамамен 4,3 млрд теңгеге монополиялық табыс тапқан. Компанияға қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Үкіметте кейбір активтерді мемлекет меншігіне беру мәселелері қаралды

Биыл қазан айында жеке меншік ұйым басшылығы еншілес ЖШС-дегі қатысу үлесінің 100%-ын мемлекетке сыйға беру туралы өтініш түсірді. 

Үкіметте кейбір активтерді мемлекет меншігіне беру мәселелері қаралды
Өзгелердің жаңалығы