Үкіметте Дағдарысқа қарсы шаралар жөніндегі жедел штабтың кезекті отырысы өтті

9 Наурыз 2022, 20:18
1044
Бөлісу:
Үкіметте Дағдарысқа қарсы шаралар жөніндегі жедел штабтың кезекті отырысы өтті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Үкіметте Премьер-министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен Дағдарысқа қарсы шаралар жөніндегі жедел штабтың кезекті отырысы өтті. Бұл туралы primeminister.kz хабарлады.

Дағдарысқа қарсы шаралар жөніндегі жедел штабтың кезекті отырысында «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы кәсіпкерлерден келіп түсіп жатқан басым бөлігі ағымдағы және жүйелі сипаттағы мәселелер туралы баяндады.  

Айта кетейік, өткен жылдың қорытындысы бойынша Үкіметте осы тұрғыда 160-тан астам проблемалық мәселелер қаралды, олардың 75% оң шешімін тапты. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасуда, Кәсіпкерлерге қабылданып жатқан шешімдер жайлы тұрақты түрде хабарланып отырады.

Бизнес қоғамдастықтың қазақстандық жүктердің тасымалдануына қатысты алаңдаушылығына байланысты «Қазақстан Темір Жолы» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Н. Сауранбаев экспорттық бағыттағы жүктерді тасымалдау темір жол көлігімен де, теңіз порттары арқылы да штаттық режимде жүзеге асырылып жатқанын хабарлады.

Сондай-ақ Н. Сауранбаев ҚХР-ға және кері бағытта темір жол көлігімен жүк тасымалдау бойынша ешқандай кедергілердің жоқ екенін жеткізді.

Еуропа елдеріне үздіксіз жүк тасымалын қамтамасыз ету мақсатында Транскаспий халықаралық көлік бағыты арқылы Әзербайжан және Грузия (Баку, Батуми және Поти порттары) бағытында тасымалдау көлемін ұлғайту мәселесі пысықталуда.

Өз кезегінде, ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қ. Өскенбаев Ақтау және Құрық порттарын пайдаланудың әлеуеті зор екенін атап өтті, себебі олардың қазіргі жүктемесі 23% ғана құрап отыр және жеткілікті резерв бар.

Сонымен қатар Рига, Вентспилс, Лиепая Балтық порттары арқылы өтетін қосымша бағыттар пысықталуда.

Контейнерлік тасымал көлемін арттыру үшін отандық контейнерлер өндірісін ашу бойынша жұмыс жүргізіліп жатқанын атап өткен жөн. 2022-2023 жылдары 2 млн тонна жүкті контейнерлеу және контейнерлік тасымалдар үлесін 30%-ға дейін (экспорт) көбейту жоспарланған.

Өзгелердің жаңалығы