Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров Үкімет 200-ден астам жобаны қамтитын ұлттық инфрақұрылым жоспарын әзірлегенін мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Жұмыс 2029 жылға дейін жалғасатын болады. Сол аралықта осы 200-ден астам жобаға 40 трлн теңгеден астам инвестиция жұмсалады, — деді вице-премьер.
17 жоба іске асырылып жатыр. Ол – энергетика, көлік, логистика, су шаруашылығы және цифрлық инфрақұрылым саласындағы жобалар. Биылдың өзінде 770 млрд теңгеге жуық инвестициялар осы жобаларға бағытталатын болады.
Елімізде темір жол құрылысы жобалары жалғасып жатыр. Былтыр «Достық – Мойынты» жолы басталды, Алматыны айналып өту жобасы қолға алынды. Сонымен қатар биыл жаңадан «Мақтаарал – Дарбаза», «Аягөз – Бақты» темір жолдары салынады. Бұл жобаның іске асырылуы еліміздің көлік-транзит әлеуетін арттыруға бағытталады.