Бұл пікірді саясаттанушы Әділ Сайлаубек айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Президент қымбатшылықтың алдын алу мақсатында тың іс-шараларды ұсынады деп ойлаймын. Өздеріңізге мәлім, билік өкілдері жиі ауысып жатыр. Сауда және интеграция министрі өз қызметінен кетті. Болжам бойынша қазан айларында тағы бірқатар билік өкілі қызметінен босатылуы мүмкін, - деді сарапшы.
Сайлаубектің айтуынша, бұл Жолдауда экономиканы қалпына келтіретін реформаларға мән беріледі.
Ең әуелі саяси-экономикалық реформалар ұсынылады деген ойдамын. Өйткені бізге Жаңа Қазақстанды құру үшін әлі де тың идеялар қажет. Сондай-ақ әлеуметтік мәселелер, қымбатшылық пен білім саласына қатысты бірқатар өзекті мәселе айтылып қалуы мүмкін. Мемлекет басшысының сырт елдерге іс-сапары бекер емес. Мемлекет басшысы мұның нәтижесін айтады деп ойлаймын деді, - деді Әділ Сайлаубек.