Үкімет: СҚО-да коммуналдық-энергетикалық сектор жаңғыртылды

14 Ақпан 2025, 08:32
552
Бөлісу:
Үкімет: СҚО-да коммуналдық-энергетикалық сектор жаңғыртылды
PHOTO
Фото: Үкіметтің баспасөз қызметі

Премьер-министр Олжас Бектенов Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапары аясында өңірдің коммуналдық-энергетикалық инфрақұрылымын жаңғырту жұмыстарының барысымен және жылумен үздіксіз қамтамасыз ету бойынша қабылданып жатқан шаралармен танысты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Жабдықтарды жөндеу және қалпына келтіру бойынша айтарлықтай жұмыстар жүргізілген Петропавл 2-ЖЭО-ға ерекше назар аударылды. "СевКазЭнерго"АҚ бас директоры қазандық агрегаттары мен турбогенераторлар сияқты негізгі техникалық құралдардың тозу деңгейі 57,3%-ды құрайтынын хабарлады. 2024 жылы 2-ЖЭО-да №1, 9 қазандықтары мен №3, 6 турбиналарына күрделі жөндеу жүргізіліп, сондай-ақ төрт турбинаны жөндеу жұмыстары аяқталған.

Үкімет: СҚО-да коммуналдық-энергетикалық сектор жаңғыртылды

Сонымен қатар биіктігі 180 метр №1 түтін мұржасының құрылысы аяқталды, оны пайдалануға беру жыл соңына жоспарланған. Сондай-ақ №3, 6, 11 үш қазандықта және №7 бір турбинада қалпына келтіру жұмыстары жалғасуда.

Үкімет: СҚО-да коммуналдық-энергетикалық сектор жаңғыртылды

Кәсіпорын басшылығының ақпаратына сәйкес, 2-ЖЭО көмір және мазутпен толық қамтамасыз етілген. Қазіргі уақытта қорда 183 мың тонна көмір, 1833 тонна мазут бар. Отын жеткізу кестеге сәйкес жүзеге асырылуда.

Үкімет: СҚО-да коммуналдық-энергетикалық сектор жаңғыртылды

Жылу электр орталықтарында уақтылы жүргізілген дайындық пен қалпына келтіру жұмыстары қаланың жылумен қамту жабдықтары мен жүйелерінің тұрақты жұмысын қамтамасыз етуге мүмкіндік берді. Ағымдағы жылыту маусымы штаттық режимде өтуде. ҚР Энергетика министрлігі биыл нысанды қауіптің «қызыл» аймағынан "сары" аймаққа шығаруды жоспарлап отыр.

Үкімет: СҚО-да коммуналдық-энергетикалық сектор жаңғыртылды

Кәсіпорында Премьер-министрге "Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту" ұлттық жобасының іске асырылу барысы туралы баяндалды. Бүгінде Солтүстік Қазақстан облысында 363 медициналық мекемені, 585 оқу орнын, 156 мәдениет және спорт нысанын, сондай-ақ 1435 көппәтерлі тұрғын үйді жылумен қамтамасыз ететін 490 қазандық жұмыс істейді.

Үкімет: СҚО-да коммуналдық-энергетикалық сектор жаңғыртылды

Жылумен үздіксіз қамтамасыз ету Мемлекет басшысының ерекше бақылауында. Соңғы бір жылда еліміздегі 55 жылу көзі жаңғыртылды. Үкімет осы бағытта энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту жөніндегі ұлттық жобаны іске асыруда. Жүргізілген жұмыстардың нәтижесі бойынша инженерлік желілердің тозу деңгейі 40%-ға дейін төмендеп, электр энергиясын өндіру қуаты 7,3 ГВт-қа артады деп болжануда. Сонымен қатар жобалар 3,5 мың жұмыс орнын ашуды көздейді, - деп атап өтті Премьер-министр.

Өзгелердің жаңалығы