Үкімет Қашаған кен орнындағы жөндеу жұмыстарының кейінге шегерілгені туралы ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Оқи отырыңыз:
Қазан айында жоспарланған жөндеу кезеңінде өндіріс көлемін айтарлықтай қысқарту жоспарлануда. Осы кезеңде біз жыл басынан бері жинақталған артық өндірістің айтарлықтай көлемін өтеуді жоспарлап отырмыз, - делінген Энергетика министрлігі таратқан хабарламада.
Бұл ОПЕК Бас хатшысы Хайтам әл-Гайстың жақында болған сапары (26 тамыз) және ОПЕК хатшылығы ұйымдастырған талдау агенттіктерімен кездесуі кезінде атап өтілді.
Қазақстан ОПЕК+ келісіміне өзінің адалдығын растайды және Келісімнің әлемдік мұнай нарығының тұрақтылығын қамтамасыз етудегі маңызды рөлін түсінеді. Қазақстан өз міндеттемелерін толық орындау және ОПЕК хатшылығына ұсынылған өтемақы жоспарын орындау бойынша шаралар қабылдауда, - делінген хабарламада.