Үкімет пен Парламент халықтың әл-ауқатын арттыру үшін күш-жігерін жұмылдыруға тиіс – Тоқаев

30 Наурыз 2023, 11:38
618
Бөлісу:
Үкімет пен Парламент халықтың әл-ауқатын арттыру үшін күш-жігерін жұмылдыруға тиіс – Тоқаев
Фото: tengrinews.kz

Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Мәжілістің жалпы отырысында айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Үкімет пен Парламент экономиканы дамытып, халықтың әл-ауқатын арттыру үшін барлық күш-жігерін жұмылдыруға тиіс. Біз аз уақыттың ішінде ауқымды саяси реформа жүргіздік. Түбегейлі өзгерістер еліміздің жаңа дәуірге қадам басуына жол ашты, - деді Тоқаев.

Мемлекет басшысы бұл жұмыс жалғаса беретініне баса назар аударды. 

Бірақ экономикалық өзгерістер саяси жаңғыру үдерісінен кенже қалмауы керек. Сондықтан Үкімет әлеуметтік-экономикалық реформаларды батыл жүзеге асыруға тиіс. Бұл – өте жауапты жұмыс. Азаматтарымыз Үкіметке зор үміт артады, жоғары талап қояды. Ел сенімін ақтау – бәрімізге сын, - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президент кеше Парламент сессиясының ашылуында нақты міндеттерге тоқталғанын еске салды. 

Өзгелердің жаңалығы