Үкімет депутаттардың жыныс ауыстыру туралы сұрағына жауап берді

27 Наурыз 2025, 15:51
710
Бөлісу:
Үкімет депутаттардың жыныс ауыстыру туралы сұрағына жауап берді
Фото: BAQ.KZ primeminister.kz

Премьер-министр Олжас Бектенов жынысты хирургиялық түзету және қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік саясатқа қатысты депутаттық сауалға жауап берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.


Үкімет басшысының мәліметінше, Қазақстанда мұндай операциялар әлі тіркелмеген. Сонымен қатар, мұндай хирургиялық араласулар мемлекеттік бюджет есебінен қаржыландырылмайды. Бұл қызметтер кепілдендірілген тегін медициналық көмек пен міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне кірмейді.

Денсаулық сақтау министрлігінің 2020 жылғы 30 қазандағы №ҚР ДСМ-170/2020 бұйрығына сәйкес, пластикалық операциялардың бұл түрі мемлекеттік қаржыландыру тізіміне енбейді.

Бектенов мәселеге қатысты заңнамалық өзгерістер қажет болған жағдайда, мемлекеттік органдар депутаттармен бірлесіп қарастыруға дайын екенін айтты.

Өзгелердің жаңалығы