Үкімет: Биыл елдегі заң жобалау жоспары толығымен орындалды

27 Желтоқсан 2022, 12:26
775
Бөлісу:
Үкімет: Биыл елдегі заң жобалау жоспары толығымен орындалды

Бұл туралы бүгін өткен Үкімет отырысында Премьер-министр Әлихан Смайылов мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Айтуынша, биыл еліміздегі заң жобалау жұмыстарының жоспары толығымен орындалды. 

Үкімет жоспарындағы заң жобаларын қарадық. Енді оларды 3 күн ішінде Парламентке енгізу керек. Жалпы, заң жобалау жұмыстарының 2022 жылға арналған жоспары орындалды деп айтуға болады. Биыл конституциялық реформа, Президенттің сайлауалды бағдарламасы аясындағы бастамаларды іске асыру бойынша жұмыстар жүргізілгенін атап өткім келеді. Алдағы жылы да реформаларды жалғастыру қажет, - деп атап өтті Әлихан Смайылов. 

Сонымен қатар ол тиісті ведомствоға заңнамалық тапсырмаларға мониторинг жүргізуді тапсырды.

Әділет министрлігі жыл бойы Мемлекет басшысының, Премьер-министрдің және Президент Әкімшілігінің заңнамалық тапсырмаларына мониторинг жүргізуі қажет. Белгіленген тәртіппен оларды 2023 жылы әзірленіп жатқан  заң жобаларына енгізуді қамтамасыз етсін. Бұл жұмысты мемлекеттік органдар тұрақты негізде жүргізуі тиіс, - деді Үкімет басшысы.

Өзгелердің жаңалығы