Үкімет басшысы: Қазақстанға қарқынды әрі сапалы экономикалық өсім қажет

Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов жаһандық экономикалық бәсекенің күшейгенін атап өтті.

 Үкімет баспасөз қызметі 17 Ақпан 2026, 10:24
17 Ақпан 2026, 10:24
507
Фото: Үкімет баспасөз қызметі

Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов жаһандық экономикалық бәсекенің күшейгенін атап өтіп, Қазақстан да экономикалық өсімді ынталандыру бағытындағы жұмысты жедел бастауға тиіс екенін мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Отырыста Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің баяндамасы тыңдалды. Баяндамадан кейін сөз алған Үкімет басшысы әлем елдері экономиканы қолдауға қомақты қаржы бөліп жатқанын айтты.

Қазір көп мемлекет экономикалық өсімді ынталандыруға қыруар қаржы бөліп жатыр. Мен өзіңізге де, Серік Мақашұлы, тиісті ақпаратты жібердім. Германия және басқа да елдер осы бағытта белсенді жұмысқа кірісіп кетті. Сол себепті бізге де жұмысты бастау қажет. Бізге қарқынды экономикалық өсім қажет. Әрине оның сапасы да болуға тиіс және қарқыны да маңызды. Жұмысты жалғастырыңыздар, - дейді Олжас Абайұлы.

Наверх