Үкімет басшысы Олжас Бектенов мәжіліс депутаттарының киік мәселесіне қатысты қойған сұрағына жауап берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Қазіргі кезде киіктердің басты мәселесі неде?! Біріншіден, киіктердің саны бұрындары да көп болды. Бірақ шаруалардың дихан жері тапталмай, бәрі оңды реттелетін. Осыдан шығатын түйіндеме – киіктердің көшетін, қоныс аударатын миграциялық жолдарының бәрі соңғы 30 жылда жергілікті әкімдіктердің қолымен жекеменшікке сатылып кетті. Бүгінгі күнде мұндай миграциялық жолдар мүлдем жоқ, - деп бірқатар депутат Премьер-министрге сауал жолдаған еді.
Премьер-министр Олжас Бектеновтың айтуынша, Экология министрлігі ғылыми қоғамдастықпен бірлесіп популяцияны реттеу жолын жан-жақты қарастырған.
Киіктердің популяциясын реттеу мақсатында Экология және табиғи ресурстар министрлігі ғылыми қоғамдастықпен бірлесіп олардың санын бақылаудың, оның ішінде экодуктар салу арқылы тарихи өрістеу жолдарын қалпына келтірудің барлық ықтимал тәсілдерін қарастырды, - дейді Премьер-министр.
Бектенов зерттеу барысында қымбат экодуктар салу киік популяциясының санына әсер етпейтін айтады.
Бұл шешім киіктердің жол үстіндегі экодуктармен және жол астындағы өткелдерді жүрмейтінімен ғылыми негізделген, өйткені олар ашық, тегіс ландшафттарда тіршілік етеді және биік құрылымдардан да, әртүрлі туннельдерден де қорқады. Осыған байланысты киіктердің кедергісіз өрістеуі үшін экодуктар салу тиімсіз, өйткені бұл шаралар оң нәтиже бермейді. Экодуктардың орнына, ғылыми ұйымдардың ұсынымдарына сәйкес, тиісті ескерту белгілері мен қорғау қоршауларын орната отырып, киіктер өрістейтін учаскелерде еңіс беткейлер салу жоспарлануда, - дейді Үкімет басшысы.
Бүгінгі таңда киік Қазақстандағы тұяқты жануарлардың ең көп таралған түрі. Одан бөлек, Қазақстандағы басқа тұяқты жануарлардың бәрінің жалпы саны 200 мыңнан аспайды.
10 ақпаннан бастап киік санын реттеу жөніндегі іс-шаралар тоқтатылды. Киік санын реттеудің қосымша тәсілдерін зерделеу мақсатында қазіргі уақытта ғылыми қоғамдастық оларды орнықты пайдалануға, эпизотиялардың пайда болу себептерін анықтауға және киіктердің ресурстарын қорғау және пайдаланудың ықтимал жолдары бойынша шаралар әзірлеуге бағытталған түрлі зерттеулер жүргізуде. Жалпы киіктер санын реттеу мәселелері Үкіметтің бақылауында, - деп жауап берді Олжас Бектенов.