Кейбір өңірдегі жанар-жағармай тапшылығына байланысты Премьер-министр Әлихан Смайылов Энергетика министріне тапсырма берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Тағы бір маңызды мәселе – жанар-жағармай материалдарына қатысты жағдай. Кейбір өңірде дизельдік отын бойынша проблема туындап отыр. Бұл азаматтарымыздың наразылығын тудыруда. Болат Оралұлы, егіс науқаны басталар алдында мұндай проблема қалай орын алуда? – деп сұрақ қойды Үкімет басшысы.
Смайылов Энергетика министрлігі отандық нарықта жанар-жағармай тапшылығын болдырмау үшін барлық шараларды уақытылы қабылдауы қажет екенін атап өтті.
Жанармай құю станцияларының иелерімен тиісті жұмыстар жүргізу керек. Біздің азаматтарымызбен ауылшаруашылық саласы зардап шекпеуі керек. Сіз айтқан отандық тұтынушыларға және транзиттік автокөлікке берілетін жанар-жағармай бағаларын дифференциациялау бойынша ережені тез арада қабылдап, 20 тамыздан бастап енгізу керек. Болат Оралұлы, жағдайды күнделікті жеке бақылауыңызда ұстаңыз, – деді Әлихан Смайылов Үкімет отырысында.