Үкімет басшысы биыл қандай проблеманың қайталанбауы тиіс екенін айтты

10 Наурыз 2022, 10:02
2370
Бөлісу:
Үкімет басшысы биыл қандай проблеманың қайталанбауы тиіс екенін айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Премьер-министр Әлихан Смайылов Үкімет отырысында айтты. 

Ауыл шаруашылығы министрлігі әкімдіктермен бірлесіп,  әлеуметтік маңызы бар дақылдар мен жем-шөпті жеткілікті көлемде егуді  қамтамасыз етсін. Өткен жылы еліміздің кейбір аймақтарында  жем-шөппен қамтамасыз ету бойынша проблемалар болғанын білеміз. Биыл бұл жағдай қайталанбауы тиіс. Сондықтан азық-түлік келісімшарт корпорациясы өзінің форвардтық сатып алуы аясында шаруашылықтарды осы жұмысқа ынталандыруы керек, - деді Смайылов. 

Ол Экология министрлігі Ауыл шаруашылығы министрлігімен және әкімдермен бірге жаз айларында шаруаларды сумен қамтамасыз ету шараларын қабылдауды тапсырды.

Индустрия министрлігі әкімдермен бірлесіп, бірінші кезекте, ішкі нарықты қамтамасыз ету үшін минералдық тыңайтқыштарды өндірушілермен жұмыс жүргізсін. Тыңайтқыштардың бағасы биыл 2 есе өсті. Сондықтан оның қолжетімді болуы аса маңызды.Бұл мәселені Монополияға қарсы орган өндірушілермен бірлесе пысықтауы тиіс, - деді Смайылов.

Өзгелердің жаңалығы