Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Коронавирус эпидемиясының ошағы саналатын Қытайдың Ухань қаласындағы дала госпиталі жабылады, деп хабарлайды "Хабар 24".
Эпидемия ошағы саналған Уханьдағы аурухана 8 ақпанда салынған еді. Госпитальді тұрғызуға 2 аптадан аз уақыт кеткен.
Мұнда қарт кісілер мен жағдайы ауыр тұрғындар емделді. Алайда қазір науқастар саны азайған.
Бұдан бөлек, осы Ухань қаласына өзге өңірлерден келген дәрігерлер үйіне қайтты. Оған қаладағы эпидемиологиялық ахуалдың жақсаруы себеп болған.
Соңғы мәлімет бойынша, қазір қалада коронавирус жұқтырған 179 адам ем қабылдап жатыр. 57 науқастың жағдайы ауыр.