"Уимблдон": Қазақстандық теннисшілер іріктеу кезеңін сәтті бастады

25 Маусым 2024, 19:03
253
Бөлісу:
"Уимблдон": Қазақстандық теннисшілер іріктеу кезеңін сәтті бастады
Фото: olympic.kz

Лондонда теннистен "Уимблдон" турнирінің іріктеу кезеңдері жалғасуда, деп жазады BAQ.KZ Olympic.kz-ке сілтеме жасап.

Қазақстандық Михаил Кукушкин алғашқы айналымда украиналық Виталий Сачконы 6:3, 6:3 есебімен жеңді. Оның ендігі қарсыласы – франциялық Бенджамин Бонзи.

Денис Евсеев франциядық Маттео Мартинодан 6:7, 6:2, 7:6 есебімен басым түсті. Екінші айналымда Денис тағы бір франциялық Титуан Дрогемен кездеседі.

Бейбіт Жұқаев өзінің алғашқы «Уимблдон» додасында австриялық Юрий Родионовты жеңді. Ол келесі кезеңде сербиялық Хамад Медьедовичпен жолығады.

Тимофей Скатов итальяндық Андреа Пеллегриноны ұтып, словакиялық Лукаш Клейнмен кездесетін болды.

Өзгелердің жаңалығы