Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Стратегиялық зерттеу институтының жетекші ғылыми қызметшісі Азамат Арзықұлов «SAILAU TALKS 2021» сараптама алаңында айтты.
Оның айтуынша, бұл депутаттыққа халыққа танымал адамдардың үміткер болуы нәтижесінде жүзеге асты.
Жалпы көршілес Қырғызстанда танымал блогерлер мен тұлғалардың есімі мен желідегі мүмкіндігін пайдаланып, үгіт жүргізу жұмыстары жасалған болатын. Бізде дәл солай болмаса да, депутаттыққа елге танымал тұлғалардың, ел сеніміне ие болған азаматтардың түсуі партияға адам тарту мақсатын емес, бұқарамен арадағы көпір рөлін атқарғанын атап өтуге болады, - деді ол.
Оның айтуынша, мұндай азаматтардың халықпен жүздесуде қабылданып жатқан заңдар мен реформаларды қарапайым тілде түсіндіріп беру, мұң-мұқтажына құлақ асу «Еститін мемлекет» тұжырымдамасының үлгісіндей болды.