Үгіт кезеңінде министрлік мониторинг жүргізеді

18 Ақпан 2023, 16:20
958
Бөлісу:
Үгіт кезеңінде министрлік мониторинг жүргізеді
Фото: Ақпараттан скрин

Бұл туралы ОСК отырысында Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Қанат Ысқақов айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.  

Ол Парламент Мәжілісі мен мәслихаттарының депутаттарының кезектен тыс сайлауына байланысты Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің маңызды міндетінің бірі бұқаралық ақпарат құралдарының сайлау заңнамасының талаптарын сақтауын қамтамасыз ету екенін айтты. 

Үгіт кезеңінде Министрлік ақпараттық алаңға тұрақты мониторинг жүргізетін болады. Мониторингпен республикалық және өңірлік дәстүрлі БАҚ, ақпараттық интернет-ресурстар және әлеуметтік медиа қамтылатын болады, - деді ол.  

Атап айтсақ, мониторингпен 340-қа жуық баспа басылымдары, 49 телеарна, 130-ға жуық интернет-ресурстар қамтылды.

Қандай да бір құқық бұзушылықтар анықталған жағдайда, біз оларды Бас прокуратураға жібереміз, сондай-ақ бұл туралы ОСК-ға хабарлаймыз. Олар сол сәтте тиісті шараларды қабылдайтын болады. Тәртіп бұзушылық болған жағдайда редакторлар да, БАҚ иелері де, оларға жол берген жеке тұлғалар да жауапкершілікке тартылуы мүмкін, - деді вице-министр.   

Сондай-ақ ол БАҚ үшін үгіт-насихат кезеңінде партиялар мен кандидаттардың қызметін біркелкі жариялаудың маңызын атады.  

Үгіт-насихат кезеңінде жариялаудың біркелкілігін бағалау үшін біз сайланбалы тақырып бойынша БАҚ-тың барлық материалдарын тіркейтін боламыз, әр партия бөлінісінде партиялар мен кандидаттарды, бір мандатты округтер бойынша кандидаттарды және бұқаралық ақпарат құралдарын атай отырып, материалдардың көлемін есептейтін боламыз, - деді ол. 

Өзгелердің жаңалығы