Угандада мектепке шабуыл жасалып, 41 адам қайтыс болды

19 Маусым 2023, 03:42
605
Бөлісу:
Угандада мектепке шабуыл жасалып, 41 адам қайтыс болды
Фото: baq.kz

Угандада көтерілісшілер орта мектепке шабуыл жасап, 41 адам қаза тапты, деп хабарлайды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Euronewsтің таратқан мәліметіне сәйкес, оның 38-і студент болған.

Уганда билігі Конго шекарасына жақын жердегі Мпондве қаласындағы орта мектепте бүлікшілердің шабуылынан қаза тапқан 41 адамның мәйітін тапты.

Жергілікті биліктің хабарлауынша, шабуылдаушылар жатақхананы өртегеннен кейін адамдарға оқ атылған, сойылмен ұрып өлтірген немесе өртеп жіберген.

Қаза тапқандардың арасында 38 мектеп оқушысы, бір күзетші және екі жергілікті тұрғын бар. Тағы сегіз адам жараланып, алтауын ұрлап әкеткен.

Уганда әскерилері ұрланған студенттерді құтқару үшін Конгоға қашып үлгерген қылмыскерлерді қолға түсіруге тырысып жатқанын мәлімдеді.

Өзгелердің жаңалығы