UFC. Шавкат Рахмоновтың рейтингі жаңарды

Бірінші орында Камару Усман болса, екінші орында америкалық Колби Ковингтон. 

8 Наурыз 2023 2023, 10:30
АВТОР
 UFC Russia 8 Наурыз 2023 2023, 10:30
8 Наурыз 2023 2023, 10:30
1098
Фото: UFC Russia

Аралас жекпе-жек шебері Шавкат Рахмонов жаңартылған UFC (Ultimate Fighting Championship) рейтингінде жоғарлады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Таяуда UFC 285 турнирінде америкалық Джефф Нилді жеңген Шавкат жартылай орта салмақтағы үздіктер рейтингінде тоғызыншы орыннан алтыншы орынға көтерілген.

Оның алдында бразилиялық Гилберт Бернс тұр. Бұл дивизионның чемпионы - америкалық Леон Эдвардс.

Бірінші орында Камару Усман болса, екінші орында америкалық Колби Ковингтон. 

Үздіктердің қатарын швециялық Хамзат Чимаев қорытындылады.Төртінші орында Белал Мухаммад.

Айта кетейік, Шавкат Рахмонов кәсіпқой мансабында 17 (бесеуі UFC-дегі кездесу) кездесу өткізіп, бәрін мерзімінен бұрын аяқтап, жеңіске жеткен. 

Наверх