UFC 9 сәуірде таңертең өткен UFC 287 турнирінің қорытындысы бойынша жартылай орта салмақ рейтингінің жаңарған нұсқасын ұсынды, деп хабарлайды BAQ.KZ ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Рейтингінің тек төменгі жағы өзгерген: Нил Мэгни мен Майкл Кьеза бір сатыға жоғарылап, сәйкесінше 11 және 12-ші орындарға жайғасты. Хорхе Масвидаль Гилберт Бернстан жеңілгеннен кейін екі позицияға төмендеп, 13-ші болып тұр.
Жартылай орта салмақтағы UFC чемпионы - Леон Эдвардс болса, топ үштікті Камару Усман, Колби Ковингтон пен Хамзат Чимаев түйіндеді.
Қазақстан өкілі Шавкат Рахмонов бұрынғыша алтыншы орында қалды.
Чемпионға арналған пәтер! Спорт эмоцияларының бас демеушісі 1XBET компаниясы "Чемпионға арналған пәтер" тамаша акциясын жариялайды. 1XBET компаниясымен бірге чемпион бол да, Алматының орталығындағы жап-жаңа пәтердің кілтін ал!