Қазақстанның соңғы жаңалықтары

UFC-дің бұрынғы чемпионы 17 жастағы қызды мотоциклмен қағып кетті

29 Сәуір 2025, 06:31
656
Бөлісу:
 Getty Images
Фото: Getty Images

Камерунда ауыр салмақтағы UFC-дің бұрынғы чемпионы Фрэнсис Нганну 17 жасар қызды мотоциклмен қағып кетіп, оның өліміне себеп болды, деп хабарлайды BAQ.KZ Le Bled Parle порталына сілтеме жасап.

Оқиға 20 сәуір күні орын алған. Ақпаратқа сәйкес, Нганну мотоцикл тізгіндеп келе жатып қызды қағып кеткен. Жол-көлік оқиғасынан кейін спортшы дереу көмек көрсетіп, зардап шеккен қызды өзі ауруханаға жеткізген. Онда қызға шұғыл операция жасалғанымен, өкінішке қарай, бірнеше күннен кейін ол көз жұмды.

Жергілікті билік бұл оқиғаны мұқият тергеуге шақырды. Тергеу жұмыстары қазіргі уақытта жалғасуда.

Айта кетейік, бұған дейін, 2024 жылдың наурыз айында Эр-Риядта өткен Knockout Chaos турнирінде Фрэнсис Нганну британдық боксшы Энтони Джошуадан екінші раундта нокаутпен жеңілген болатын. Сол жекпе-жекте Нганну ауыр соққыдан кейін ұзақ уақыт бойы орнынан тұра алмай, дәрігерлердің көмегіне жүгінген еді.

Өзгелердің жаңалығы