Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. UFC президенті Дана Уайт жақында ғана әкесі - аңызға айналған жаттықтырушы Абдулманап Нурмагомедовтан айырылған Хабиб Нурмагомедов (28-0) туралы сұрағандарға жауап берді деп хабарлайды Prosports.kz.
Бұл – ауыр жағдай. Біз Хабибке қайғыра көңіл айтамыз, оның әкесін қалай жақсы көретінін, олардың қаншалықты жақын екенін білеміз. Оның әкесін алаңсыз жоқтауына, өз ісімен айналысуына уақыт берейік. Енді біз оны біраз уақытқа дейін мазаламаймыз. Оған ойын жинақтап, не істеу керегін ойлануға уақыт керек. Оны бір сәтке жалғыз қалдыралық. Әрі қарай не болатынын көрерміз, - деді Уайт.